Сейсенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Вашингтонда Ақ үйдің қазіргі қожайыны Дж.Бушқа жолығып, ұзақ жылдарға созылған азамат соғысынан кейінгі Ауғанстанды қайта қалпына келтірудің барысы, күзге белгілеген сайлауға дайындық және ел ішіндегі тыныштықты қамтамасыз ету және тағы басқа маңызды мәселелерді талдасты. АҚШ президентімен және АҚШ Конгресінің өкілдерімен кездесуден кейін Хамид Қарзай сейсенбі күні, оның өз сөзімен айтқанда, Ауғанстанның “қара түнек дәуірден” шығуына демеу көрсеткені үшін АҚШ-қа алғыс білдірді және АҚШ үкіметі мен АҚШ компанияларынан ұзақ мерзімге көмек беруге шақырды.
Сейсенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Қарзай, оның өз сөзімен айтқанда, елдің “қара түнектен” шығуына демеу болғаны үшін Құрама Штаттарына алғыс айтты. Сонымен бірге ол АҚШ үкіметі мен Америка компанияларынан ұзақ мерзімге негізделген көмек берулерін өтінді. АҚШ-қа деген алғысын Хамид Қарзай бір емес, бірнеше рет қайталап айтты. Оның ішінде АҚШ Конгресі палаталарының бірлескен сессиясында және АҚШ президенті Дж.Бушпен Ақ үйдегі кездесуінде білдірді. Өз кезегінде президент Дж.Буш та Ауғанстан Вашингтонның ұзақ мерзімді қолдауына сенім арта алатынын мәлімдеді.
Конгресс пен Ақ үйдегі сөзінде Ауғанстан президенті 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі шабуылды ұйымдастырған “Әл-Қаида” мен “Талибан” қозғалысына қарсы АҚШ бастаған күштердің іс-қимылын әңгіме арқауы етті.
Х.ҚАРЗАЙ: "Ауғанстан – зұлымдық пен лаңкестік билеп-төстеген “қара түнек” дәуірден шықты. Біз демократиялық ислам мемлекетін жариялайтын алдыңғы қатарлы конституция қабылдадық. Ата заң біздің еліміздің әрбір азаматына тең құқық пен жеке басының қауіпсіздігіне кепілдік береді”. Сонымен бірге Хамид Қарзай тәліптер үстемдігі құлағаннан бері Ауғанстанда жүзеге асырылған реформалардың денін тізіп келтірді. Оның ішінде, қыз балалар мен ұлдарға тең білім беру, денсаулық сақтау саласын жетілдіру, баспасөз бостандығының қамтамасыз ету, жол сынды инфрақұрылымдарды жақсарту және ұлттық армияны жасақталу мен дайындауды атап көрсетті. Хамид Қарзай, сондай-ақ, алдағы қыркүйек айына белгіленген сайлауға дайындықтың барысын сипаттап берді. Конгрестегі кездесуінде Ауғанстан президенті елдегі коалициялық күштердің және басқа елдердің қолдауынсыз осы істердің бірі де жүзеге асырылмас еді деп ағынан жарылды. Оның сөзі бірнеше рет ду қол соғумен бөлінді.
Сонымен бірге Х.Қарзай Ауғанстанда шешімі табылмаған өзекті проблемалардың барлығын да жасырмады. Әсіресі есірткі, апиын өндірісінің кең етек жаюын атады. Оның айтуынша, өзі бастаған ауған үкіметі есірткі өндірісі мен саудасына қарсы аянбай күресіп жатыр.
Х.ҚАРЗАЙ: “Біз өзіміздің балаларымызды, сіздердің және бүкіл әлемнің балаларын есірткі сынды пәлеге әуестіктен құтқаратын күреске кірістік”. Осы күресті және елдегі саяси, әлеуметтк-экономикалық реформаларды әрі қарай жалғастыру үшін Хамид Қарзай АҚШ Конгресінің өкілдері мен кәсіпкерлерді көмекке шақырды. Атап айтқанда, ол Ауғанстан мен АҚШ арасында еркін сауда қатынасын орнатуға шақырды. Ондай қатынасқа Хамид Қарзай АҚШ-тың ресми үкіметін де, жеке корпорацияларын да үгіттеді.
Х.ҚАРЗАЙ: "Ауғанстанның дамуы үшін біз сіздерден ұзақ мерзімді инвестицияларды сұраймыз. Ауғанстан – Американың іскерлері мен компанияларына ашық. Бірлесе отырып, біз Ауғанстанды тұрақты дамитын әрі демократиялық қоғамға айналдырамыз”.
Кейінірек Ақ үйдегі кездесуінде Х.Қарзай Ауғанстанның қазіргі конституциясын әлемнің осы аймағындағы ең үздік конституциясы деп бағалады. Оның айтуынша, бұл конституция – Ислам мен демократияның қарама-қатар дәуір құра алатынын дәлелдейді.
Х.Қарзай, сонымен бірге, қыркүйек айына белгілеген сайлауды оған бүкіл ауған халқын жұмылдыра отырып, мейлінше кең және мүмкіндігінше демократияға сай өткізу үшін өзі атқарып жатқан істерін суреттеп шықты.
Х.ҚАРЗАЙ: "Ауғанстан халқын жарқын келешекке, тқрақтылық пен бейбітшілікке жетелеу, демократияның биік деңгейі мен еркін сайлауды ұйымдастыру – ол менің міндетім. Ауғанстандағы тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз еті - менің борышым. Демократия мен тыныштық орнату жайында мен кіммен болса да пікір алмасуға дайынмын”. Сонымен қатар, Ауғанстан президенті өздерін “дала қолбасшылары” деп атайтын аймақтардағы қарулы құрамалардың жетекшілерімен өзінің саудаласып жүргені туралы алып-шақпа сөздерге наразылық білдірді.
Оның мәлімдеуінше, елдегі демократияны дамыту үшін президент - Ауғанстан қоғамының барлық өкілдерімен тіл табуға міндетті және барлығына бірдей жауап беруге тиіс. Аймақтағы көсемдермен ешқандай ортақ ісім жоқ, үкімет пен жергілікті көсемдер арасында ешқандай коалиция болған жоқ! -деп шегеледі Ауғанстан президенті Х.Қарзай.