АҚШ Қорғаныс министрі Рамсфелдтің айтуынша, Орталық барлау агенттігінің бұрыңғы директоры Тенет Халықаралық қызыл крест ұйымына білдірмей, Ирақтағы күдікті бір терроршыны тұтқындауды сұраған.

- Тенет Ансар Ал-Исламның жоғары шенді бір офицерін тұтқындауды сұрады. Біз солай еттік, - дейді Рамсфелд. АҚШтың күдігі бойынша, ол топтың Ал-Қайдамен қатыстығы болуы керек. Бірақ халықаралық заңға орай соғыс тұтқындарын Қызыл крест өз бақылауына алу құқығына ие. Ал АҚШ әкімшілігі ол тұтқынның Қызыл крест ұйымы құзырына берілуін қаламаған.