Қазақстанда қарапайым азаматтар құқын қорғауды мемлекет өз міндетіне алуға тиіс дейді кейбір заңгерлер

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН
Бұған дейін бірқатар заң саласының мамандары Қазақстанда қарапайым азаматтардың өз құқын қорғауына мүмкіндік шектеулі деп келген болатын. Енді бұл мәселені «Сорос-Қазақстан» қорының мұрындық болуымен Қазақстанның заңгер сарапшылары бас қосып, талқылауға кірісті.

Мәселе шын мәнінде қарапайым жұртшылықтың өздерін заңдық тұрғыдан қамтамасыз ете алмауында ма? Осы сауалға орай бірқатар сарапшылар мен мамандарға сұрау салған едік.

Қазақстанның тәуелсіз заңгер мамандары ел Конституциясы құқық беретін тегін заңдық жағынан қамтамасыз ететін мүмкіндікті мемлекет өз мойнына алуға тиіс деген мәселені талқылап отыр.

Олардың ойынша қазір төменгі деңгейде өмір сүріп отырған Қазақстан халқының елеулі бөлігінің өз құқықтарын қорғауларына ешқандай жағдай жоқ екенін айтады. Және ол азаматтардың қарапайым құқықтарын қорғауға қол жеткізе алмай жүргенде, мемлекеттің олардың алдындағы жасауға міндетті заңдық көмегі турасында сөз қозғау қиын деген пікірлерін алға тартып отыр.

Ал мәселенің бұлайша орын алуының себебін заңгер Айыпхан Демесінов бар кілтипан соттың шешімді өз бетінше шығарып, әділеттің екінші кезекте қалып қоя беретіндігінен іздейді. Жұмағали барлық азаматтарға бірдей тегін заңдық көмек көрсету нарық уақытында мүмкін емес дейді.

Дегенмен «Ғибрат» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Марпия Бұтабаева тегін заңдық көмек ең алдымен қоғамның әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарына бүгінде ауадай қажет дейді.

Осы қазақстанның қарапайым азаматтарының құқы қорғаусыз қалып отыр деген пікірмен Ж.Әбділдин млдем келіспейтіндігін білдірді.

Сөйтіп, осындай пікір қайшылықтарына тап болып отырған мәселені тәуелсіз заңгерлер жоғары билікпен қатар сол қарапайым жұртшылықтың да талқысына ұсынатындықтарын жеткізді.