Оңтүстік Кәрей өкілінің мәлімдеуінше, Ирақтағы экстремистік топтың тұтқынында отырған оңтүстіккәрейлік азаматтың өлі-тірісі жайынан үкімет бейхабар. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Шин Бонг Кил бүгін Ираққа аттандырылатын 3 мыңдық қолын тоқтатуға берілген мерзімнің уақыты Оңтүстік Кәрей үшін аяқталды деп хабарлады. Жексенбі күні “Әл-Джазира” телеарнасы арқылы көрсетілген бейнетаспада маска киген үш адам егер Сеул Ираққа жіберетін әскерін дүйсенбінің кешіне дейін тоқтатпаған жағдайда, тұтқында отырған оңтүстіккәрейлік азаматтың басын кесіп өлтіретінін мәлімдеген болатын.