Америка Құрама Штаттары Грузияның Аджария автономиясындағы сайлауды демократия бағытындағы маңызды қадам болды деп бағалады. Мемлекеттік департаменттің өкілі Ричард Баучер жексенбіде өткен сайлау, бірен-саран келеңсіз жайт болмаса, неігізнен ойдағыдай өтті деп мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттік департамент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның “сайлау негізінен демократиялық әрі ашық түрде өтті” деген бағасымен келісті.