Америка Құрама Штатындағы Нобель сыйлығының 48 лауреаты сайлаушыларды президенттікке Демократиялық партияның атынан ұсынылған үміткер, сенатор Джон Керриді қолдап дауыс беруге шақырды. Атақты ғалымдар Дж.Буш әкімшілігінің ең алдымен ғылым саласындағы саясатын – ғылыми зерттеулерге жеткілікті қаржы бөлмегені үшін ащы сынға алды. Олардың пікірінше, қазіргі билік жердің болашағына зор қатер болып отырған ғаламдық ауа райының жылынуына көңіл бөлмеді.