Бағдадтың бастыс жақ бөлігінде машинада жарылған бомбадан екі бала опат болып, олардың ата-аналары жараланған. Келесі тағы бір осындай бомба жарылысынан бір бала мен полиция қызметкері көз жұмған. Ал Бағдадтың солтүстігінде көтерілісшілер мұнай құбырын жарған кезде сегіз адам қаза тапқан.
Басқа да хабарларға қарағанда, әділ де таза сайлауларды өткізу курсына қатысу үшін сегіз ирақтық Мексикаға барған. Ал Польша мен Италия Ирақтағы әскерлерінің осында қалу мерзімін 31 желтоқсанға дейін ұзартқан. Ирақтың уақытша қаржы министрі Францияда қарыздар маселесін талқылаған, бірақ Франция Ирақтың 122 миллион доллар қарызын жаппайтындығын айтқан.