Ирақтағы АҚШ бастаған коалициялық күштерге қолдау білдірген Оңтүстік Кәрей мен басқа елдер өз азаматтарына қарсы қастандықтардың үдей түсуіне қарамастан, АҚШ-қа көмек беруінен бас тартпауға бел буып отыр. Ирақтағы экстремистік топтың өз қолында тұтқында ұстап келген 33 жастағы оңтүстіккәрейлік кәсіпкердің басын кесіп өлтіруі халықаралық қоғамның ащы наразылығын туғызды. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі дүние жүзін лаңкестікке қарсы жұмыла күресуге шақырса, АҚШ президенті Дж.Буш лаңкестер әлемді қорқыта алмайды деп мәлімдеді. Ирақтағы оңтүстіккәрейлік азаматты дарға асып өлтірген экстремистер Оңтүстік Кәрейден
Ким Сан-Ил деген Оңтүстік Кәрейден келген кәсіпкерді Ирақтағы экстремистік топтың басын кесіп өлтіргенін оның отбасы сейсенбі күні естіп білді. Лаңкестер Оңтүстік Кәрейден Ирақтағы 600-ге жақын әскерін алып кетуді және қосымша 3 мыңдық қолын Ираққа аттандыру жоспарынан бас тартуын талап еткен болатын. Алайда Сеулдің ол талапты орындамайтынын мәлімдегенде, экстремистер тұтқынның басын кесіп алды. Өткен жексенбіде арабтардың “Әл-Джазира” телеарнасы екі қолы байлаулы, еденде тізелеп отырған Кимнің жанында бетіне маска киген 3 лаңкестің мәлімдемесі жазылған бейне таспаны көрсетті. Олардың бірі: “Біз сіздерді ескерттік. Бірақ сіздер құлақ аспадыңыздар. Сіздер адасуды қойыңыздар! Сіздердің Ирақтағы армияңыз Ирақ халқына емес, қарғыс атқан Америкаға қажет”- деп мәлімдеді.
Әлгі 33 жастағы оңтүстіккәрейлік кәсіпкердің басын кесәіп өлтіру бүкіл халықаралық қоғамның ащы наразылығын туғызды. Бірақ Оңтүстік Кәрей мен басқа елдер, соған қарамастан, Ирақтағы коалициялық күштерді қолдау ниеттерін бас тартпайтындарын мәлімдеп отыр.
БҰҰ-ының Қауіпсіздік Күштері соғыстан кейінгі Ирақтағы ахуалды талдау барысында, оңтүстіккәрейлік тұтқынның басын кесіп өлтірілуіне наразылық білдірді. Оңтүстік Кәрейдің елшісі Ким Сем Хун Сеул Ирақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге Сеул міндетті түрде атсалысады деп баса айтты.
К.С.Х.: “Халықаралық қоғамның Ирақтағы бостандық пен демократияны қалпына келтіруге бағытталған ұмтылысына Кәрей Республикасы сенеді және Оңтүстік Кәрей осындай игілікті істен шет қалмайды”.
Ресми Сеул негізінен әскери санитарлар мен инженелерден жасақталған 600 әскерін Ирақтан шығармайтынын және оған қоса қосымша 3 мыңға жуық қолын Бағдадқа алдағы тамыз айында аттандыратынын хабарлады. Сонымен бірге Оңтүстік Кәрей үкіметі армияға қатысы жоқ мамандарды Ирақтан кетуге бұйырды. Сейсенбі күні басы кесілген Ким Сан Ил Ирақтағы АҚШ армиясына қызмет көрсететін оңтүстіккәрейлік компанияға жұмыс істейтін.
БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан оны экстремистердің дарға асуын “барып тұрған баскесерлік” деп бағалады. Оның пікірінше, ондай қылмысты не саяси, не басқадай мақсат-мүдде ақтай алмайды. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етіп отырған Филиппин елінің сыртқы істер министрі Делия Доминго Альберт ханым да сондай пікір ұстанады. Қауіпсіздік Кеңесінің атынан ол халықаралық қауымдастықты лаңкестікке қарсы бір кісідей жұмыла күресуге шақырды. Филиппиннің мыңдаған азаматы АҚШ армиясының бүкіл Ирақтағы әскери базалары мен ғимараттарында аспазшы, қара жұмысшы болып еңбек етуде. Журналистермен жүздескенінде Делия Доминго Альберт ханым Филиппин үкіметінің Ирақта жүрген осы азаматтарына жанжал шыққан аудандардан аулақ жүруге шақырғанын хабарлап, сонымен бірге:
“Бірақ Ирақта қақтығыс болмайтын ауданды табу қиын”, -деп атап көрсетті.
Д.Д.А.: “Ирақта біздің не 4 , не 5 мыңға жұмысшымыз бар. Біз барлығын да ескерттік. Ирақта өзіміздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін командамыз бар”.
Сейсенбі күні Мажарстанның премьер-министрі Петер Медгиесси Вашингтонда Ирақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүрген Будапешт өз міндеттемсінен бас тартпайды деп мәлімдеді. Петер Медгиесси бұл сөзін АҚШ президенті Дж.Бушпен кездесуінен кейін айтты. Мажарстан Ирақта өзінің 300-ге жуық жауынгерін ұстап отыр. Өткен аптада мажар жауыгерлерінің арасында бірінші қайғылы оқиға болды. Журналистермен әңгімесінде Мажарстан үкіметінің төрағасы Ирақтың қауіпсіздік күштерін дайындауға НАТО-ға мүше Еуропа елдері де атсалысар деген ойын білдірді. НАТО-ға мүше елдердің лидерлері алдағы аптада Стамбулда бас қоспақ.