Қазақстандағы алғаш рет жүргізілген бірыңғай ұлттық тест қортындасы маусымның 21 –і күні белгіліленген болатын. Қортынды бойынша сынақтан өткен 179223 баланың 24 пайызы 40 балдан төмен, 61 пайызы 70 балға дейін, 14 пайызы 100 балға дейін ал тек қана 0,7 пайызы ғана өте жақсы деген бағаға тапсырған . «Ұрпақ тағдыры-білім» атты қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерсайын Ерғожа, Бірыңғай ұлттық тестің жіберген көптеген кемшілігінің бар екенін айтып отыр. Оның сөзіне қарағанда , БҰТ-ті өткізу ережесі бойынша 50 шақырымнан алыс жерде орналасқан балаларды бір күн бұрын алып келіп, сол жерде демалдырып ертесі сынаққа алып бару керек. Бұл көп жерлерде орындалмады.Тіпті шалғайдағы балаларды түнде әкелген жағдайларда кездескен екен. Алматы қаласының өзінде оқушыларды таңғы сағат 5- 6 кезінде жинап, сағат 7-8 де сынақ тапсыратын оқу орындарға апарылып, ол жерде балалар сағат 9-10- ға шейін тест сұрақтарын тосқан.
Ерсайын Ерғожаның пікірінше, Қазақстанда 100 ге тарта ұйғыр, өзбек , тәжік, украйн тілінде сабақ беретін мектептер бар екенін ескерсек, Республиканың Білім және Ғылым министрлігі 56617 мектеп бітіруші түлектің құқын бұзған.Себебі аталмыш мектептер түлектері Бірыңғай ұлттық тестке қатыспаған.
Алматы қаласындағы көпсалалы ұйғыр мектеп- гимназиясының түлегі Диляра Арзиева, өзімен бірге бітірген түлектер мектепте ескіше 4 пәннен емтихан тапсырғанын айта келе, Бірыңғай ұлттық тестке деген пікірін былай деп білдірді.
«Барлық бітірушілермен бірге тапсырған жақсы болар еді.Бірақ әлі тест сұрақтары ұйғыр тіліне аударылмағаны жөнінде мұғалімдер айтты.» Ал осы білім ордасының директордың ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гүлнара Масимова пікірі төмендегідей болды.
«Жыл сайын біз балаларды қазақ немесе орыс тіліндегі тестке дайындайтынбыз.Биыл біздің мектептің оқушылары мектепте мемлекеттік емтихандар тапсырды, ал шілде айында жоғарғы оқу орындарына түсу кешенді сынаққа қатысады.Көш жүре түзеледі ғой келер жылы тест сұрақтарының ұйғыр тіліндегі көшірмесі болар.»-дегенді айтып oтыр.