Қазақстан атом энергиясы мен ядролық технологияны бейбіт мақсатта пайдалану саласында Жапониямен арада келісім шарт жасасуды жоспарлап отыр. Бұл осы маусымның 22-23 і күндері Алматыда өткен « Жапония мен Қазақстанның атом энергиясы саласындағы ынмықтастығын дамыту» деп аталған семинар кезінде де айтылған. Бұған дейін Қазақстан осындай келісім шартты АҚШ және Ресеймен ғана жасасқан.
Қазақстанның Ұлттық Ядролық орталығының Ядролық Физика Инситутының директоры, доктор Қайрат Қадыржановтың айтуынша Қазақстан мен Жапония атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында 10 жылдан бері бірлесіп жұмыс істеп келе жатыр.
Осы уақыт ішінде екі жақтың ғалымдары атом реакторларының қауіпсіздігі проблемасына арналған ғылми-зерттеу тәжіріибелерін табысты өткізді. Сондай ақ қазір жылдам нейтронмен жұмыс істейтін реакторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы зерттеу жұмыстары жүріліп жатыр. Жапония ғалымдары егерде Қазақстанда көптен бері айтылып келе жатқан Балқаш көлі жағасына АЭС салу немесе соңғы кезде қазақстандық ғалымдар тарапынан ұсыныс етіле бастаған ШҚО дағы Курчатов қаласын жылу, электрмен қамтамасыз ету үшін кішігірім АЭС салу жоспарлары қолдау тапса онда осы жобаларға қатысуға дайын екендіктерін білдірген.
Бұған Ресей де үлкен қызығушылық танытып отырғаны белгілі. Алайда Ядролық Физика Институтының директоры Қайрат Қадыржановтың айтуынша Жапония атом саласында болсын электроника саласында болсын әлемдегі ең мықты елдердің бірі деп есептеледі.
Қазақстаның ядролық саласының мамандары көтеріп отырған бұл ұсынысқа байланысты «Табиғат» қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов өз пікірін білдірген еді. Оның айтуынша Қазақстанда ядролық қалдықтар проблемасын шешіп алмайынша үлкен болсын кіші болсын қандай бір АЭС ын салуға болмайды. Бұл экологияға үлкен зиян болмақшы. Алматыда өткен семинар жиынға Жапония жағынан ғалым мамандардан басқа әлемге аттары әйгілі Toshiba, Hitashi, Mitsubishi, Marubeni, JAPS секілді компаниялардың жетекшілері де қатысқан.