Фахд патшаның атынан сөйлеген сөзінде ханзада Абдулла: “Сол топтарға араласқан, алайда террорлық әрекеттері үшін ұсталмағандардың бәріне біз Құдай жолына қайта оралып, өздерінің қалыпты өмірлерін одан әрі жалғастыруына мүмкіндік беріп отырмыз. Бір ай ішінде осы мүмкіндікті пайдаланып, қолға өздері келіп түскендердің ісін біз Ислам шарттары-Шариғат заңдары бойынша қарайтын боламыз”-, деді ханзада Абдулла. Алайда, өздері берілгісі келмеген, әл-Қайда мүшелеріне қарсы қатаң шаралардың қолданылатындығын ол ескертті.