Ол бойынша, Солтүстік Корея үш ай ішінде өзінің ядролық қару бағдарламасына қатысты тізімдеу жүргізуге толық мүмкіндік беруі тиіс. Ондай жағдайда, аталған ел АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдігіне ие болып, сондай-ақ өзге мемлекеттерден қуат көздері бойынша көмекке қол жеткізетін болады. Солтүстік Корея Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Куе-Гуан: егер ресми Уашингтон өзінің “жауығу саясатын” өзгерткен жағдайда ресми Пхеньянның да ядролық қару бағдарламасы проблемасын шешуге бет алатындығын айтты. Алты жақты сөйлесулердің бұл жолғы үшінші сатысы алдағы сенбі күні аяқталмақшы.