Ирақ пен Ауғанстандағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары әскери НАТО одағының бүгін Стамбулда басталатын кезекті бас қосуында талданатын негізгі мәселе болмақ. НАТО-ға мүше 26 елдің жетекшілері 30 маусымда Ирақта билікке келетін үкіметтің елдегі қауіпсіздік күштерін дайындау мәселесін талдайды деп күтілуде.