Ирақтағы АҚШ-тың теңіз жаяу әскерін кеплдікке алған экстремистер оны өлтіретінін ескертуде.

Ирақтағы АҚШ-тың теңіз жаяу әскерін кеплдікке алған экстремистер оны өлтіретінін ескертуде. Әлгі адамды “Әл-Джазира” телеарнасы көрсетті. Одан бұрын лаңкестер тобы АҚШ бастаған коалициялық күштер түрмеде отырған барлық Ирақ азаматтарын босатпайтын болса, Пәкістандық маманның басын кесіп өлтіретінін ескерткен болатын. Белгілі лаңкес Әбу Мусаб әз-Зарқауи бастаған топ өзінің тұтқынында түркиялық 3 азаматты кепілдікте ұстап отыр.