Бейсенбі күні Ғаза лагеріне жасаған шабуылдары кезінде Израиль күштері 2 палестин азаматын өлтірген.

Олардың біреуі 9 жастағы бала. Сондай-ақ, күдікті деген желеумен 35 палестин азаматы тұтқындалған.

Бұл арада, әзірше, Израиль Жоғарығы соты Ерусалемнің оңтүстік аймағында палестиндар жасайтын жерде тосқын-дуал тұрғызуға шек қойған.