Бүгін Гаага қаласындағы әскери қылмыстар бойынша Халықаралық Трибуналында бұрынғы Югославия президенті Слободан Милошевичтің ісін қарау қайта жалғасады. Слободан Милошевичке 1990 жылдарда Хорватия, Босния жәнк Косовда болған жанжал кезінде геноцид, адамзат баласына және әскери қарсы қылмыстар жасады деген, бас-аяғы 66 айып тағылған. Трибуналда өзін өзі қорғап жатқан бұрынғы президент айыптардың бірін де мойындамай, БҰҰ-ның сотын заңсыз деп мәлімдеп отыр.