Малайзияның жағалауында су түбіне кеткен португалдық кеменің қаңқасынан 17 ғасырда жасалған қытай форфоры табылды. Археологтардың пікірінше, су түбінде 4 ғасырға жуық жатып, аңғарылған 6 мыңға жуық жәдігердің 20 пайызға жуығы қаз-қалпында сақталған. Тарихи жәдігерлердің барлығы Мин әулеті билеген дәуірге жатады. Табылған заттардың үштен бірі мұражайларға тапсырылып, қалғандары аукциондар арқылы саудаға қойылмақшы.