Суданның сыртқы істер министрдің мәлімдеуінше, оның елі тынышсыз Дарфур өлкесіндегі араб милициясын қарусыздандыра бастады.

Суданның сыртқы істер министрі Мустафа Осман Исмаилдың мәлімдеуінше, оның елі тынышсыз Дарфур өлкесіндегі араб милициясын қарусыздандыруға кірісті. Қарулы арабтар өлкедегі қара нәсілді фермерлерді қырып-жоюмен болды және БҰҰ-ының пікірінше, оларға гуманитарлық көмек беруге тосқауыл жасап келді. Одан бір күн бұрын Судан БҰҰ-ның Бас хатшысы К.Аннанға араб милициясын қарусыздандыруға уәде берген болатын.