Ирақта экстремистер Филиппин азаматын кепілдікке тұтқынға алып, Филиппин үкіметінен әскерін Ирақтан алып кетуін талап етіп отыр.

Ирақта экстремистер Филиппин азаматын кепілдікке тұтқынға алды. Арабтардың “Әл-Джазира” телеарнасы өзін “Ирақтың ислам армиясы” деп атаған топтың Филиппин азаматын өлтіретінін ескерткен сәтін көрсетті. Олар Филиппин үкіметінен 3 күннің ішінде Ирақтан өзінің шағын әскерін алып кетуді талап етті. Филиппиндік маманның ұрлап әкетілгенін басқа ақпарат көздері әзірше растаған жоқ.