Гаага қаласындағы Халықаралық Трибунал бүгін Иордан өзенінің Батыс жағалауында Израиль тұрғызып жатқан “қауіпсіздік қабырғасының” халықаралық заңға сәйкестігін қарауға тиіс. Еврей мемлекеті бұл қабырға елдің қауіпсіздігін нығайтты деп мәлімдеуде. Израильде шығатын Хааретц газеті өзінің Интернеттегі парағында Халықаралық Трибунал “қауіпсіздік қабырғасының” халықаралық заңдылықты бұзатынын атап көрсетіп, оны бұзуды талап ететінін болжап жазып отыр.