Жексенбі күні Ирақта 2 АҚШ жауынгері автокөліктің жарылысынан қаза болып, тағы 3 жауынгер жараланды.

Жексенбі күні Ирақта 2 АҚШ жауынгері автокөліктің жарылысынан қаза болып, тағы 3 жауынгер жараланды. Бұл оқиға Самарра қаласының маңында болды. Ирақтағы экстремистік топтың тұтқынында отырған 2 болгар азаматы мен филиппиндік әлі тірі. Ол жайында Болгарияның сыртқы істер министрі Соломон Пасси хабарлады. Экстремистер түрмеде отырған өздерінің әріптестерін босату мен Филиппин әскерінің Ирақтан кетуін талап етуде.