Ирақ президенті Гази Әл-Йавир кеше елде өлім жазасының қайта орнатылып, ол жаза бүлікшілерге қарсы қолданылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, қарулы көтерілістен бас тартқан кез-келген бүлікшіге рақымшылық жасалады. Әл-Йавирдің айтуынша, рақымшылық жайындағы жарлық алдағы бірнеше күннің ішінже ресми түрде жарияланады.