Бағдадтың оңтүстік-батыс жағында орналасқан полиция бекеті маңында миналанған автокөлік жарылды. Жарылыс салдарынан кем дегенде 9 адам көз жұмып, 40-тан астам адам жарақаттанған. Үкімет өкілдерінің хабарлауынша, автокөлікті террорист-жанпидашы жүргізген. Жарылыс елдер жұмысқа бара жатқанда уақытта орын алған. Кеше АҚШ әскерилері әуеден Эль-Фәллуджада орналасқан бір үйге шабуыл жасаған. Барлау қызметінің мәліметтері бойынша, бұл үйде террористтердің бір тобы жасырынған болатын. 11 адам қаза тапты.