Павлодар облысында қазақтың біртуар киногер маманы Шәкен Аймановтың күндері өтуде. Бұл шара танымал режиссердің 90 жылдық мерейтойымен орайластырып өткізіліп отыр. Ертіс бойындағы қаладағы кино жұлдызының күндеріне Қазақстанның кинематография, өнер және мәдениет қайраткерлері қатысуда.
Дегенмен мұндағы басты шаралардың бірі – «Шәкен жұлдыздары» кинофестиваліндегі туындылар турасында, соңғы кездегі қазақ кинолары жайында қайшылықты пікірлер туындауда. Қазақ киносының майталманы Шәкен Аймановтың туып өскен жері – Павлодар облысында және кіндік қаны тамған Баянауылда суреткердің мерейтойы кең көлемде аталып өтуін халық артисі Асанәлі Әшімов соңғы кезде көмескі тартқан қазақ киносына деген құрмет деп есептейтіндігін айтады.
Мерейтой шеңберіндегі басты шара – «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінде көрсетіліп отырған соңғы кезде түсірілген туындылар, Шәкен Айманов бастаған қазақ кино дәстүрін жалғастыра алып отыр ма деген сұрақты да сол кино мамандарының өзіне қойған едік. Режиссер Кенжебай Дүйсенбайұлы бұл ретте дәстүрдің үзілуі мүмкін екеніне бірнеше деректер келтірді. Алайда Павлодардағы бұл фестивалге өзінің соңғы туындысы «Қызжылаған» картинасын ұсынған режиссер С.Нарымбетов Шәкен Айманов дәстүрінің қазірде жалғасып келе жатқанын айтады. Дегенмен кинотанушы Назира Рахманқызы Қазақстандағы кино өнері саясатқа қызмет етуі барысында басқаша өзгеріп бара жатқанын айтады. Сөйтіп, осылайша Павлодарда өтіп жатқан Шәкен Айманов күндері қазіргі қазақ киносына қатысты сауалдарды да саралауда.