Аукционнан түскен ақшаны Астана қалалық әкімшілігі қаланың шеткері аймақтарының инфроқұрылымын жақсартуға жұмсаймыз деп отыр. Шілденің 21-інде өткізілген алғашқы аукционнан қала бюджетіне 23 миллион теңге түсті. Мамандар мұны жақсы көрсеткіш деп отыр. Алайда, қарапайым жұртшылық жеке үй салушыға берілетін ұзындығы 40, ені 25 метр болатын шаршыдағы жердің бастапқы бағасының өзі 2 миллион теңгеден асады деп ойламап едік, деп таңданыс білдіруде.
Жеке тұрғын үй салу көп қабатты пәтер үйлерге қарағанда арзанға түсетіндіктен Қазақстан астанасына қоныс аударушылар жер учаскелерін алуға тырысатын. Ендігі уақытта жер телімдері тек аукцион арқылы немесе арнайы құрылған комиссияның шешімімен ғана берілетін болды. Ағылшын тәсілі арқылы өткізілген аукцион барысында сол жағалаудан көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін берілетін жер телімінің бастапқы бағасы 6 миллион 170 мың теңге көлемінде белгіленіп, 29 миллион теңгеге дейін көтерілді.
Ал жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінетін әрбір жер телімінің бағасы шамамен екі жарым миллион теңгеден көтеріліп, үш миллионға жуықтады. Жерді аукционға салу қарапайым халық үшін тиімді емес екеніне көз жеткіздік, дейді аукционды сырттай бақылауға келген азаматтар. Рәзия Оспанова «Екі ұлым бар, екеуі де пәтер жалдап, өз күндерін өздері көріп жүр. Жер учаскелерінің бастапқы бағасының өзі 2 миллионнан асады деп ойлаған жоқпыз. Өзім 70-80 мың теңгенің көлемінде болады ғой деп едім», дейді.
Астана қаласы әкімінің орынбасары, жер телімдерін бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы Марат Толыбаев «Аукционнан түскен ақшаның барлығы бюджетке түседі және жер телімдерін осындай тәсілмен өткізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесеміз», - деді.
Жалпы Астанада 1998 жылдан бері тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін бөлуге 20 мыңнан аса адам өтініш берген. «Олардың бәрінің бірдей өтінішін қанағаттандыру мүмкін емес, сол себептен де ондай кісілерге жер берілмейтіндігі жөнінде хат жіберіледі», - дейді Астана қалалық жер ресурстарын басқару комитетінің «Астана-жер» еншілес кәсіпорыны жер телімдерін табыстау, құжаттамаларын дайындау бөлімінің бастығы Берік Жұманазаров.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін сатуға қойылған он бес жер телімінің бесеуін ешкім сатып алмады. Осы және өнеркәсіп-азаматтық мақсаттар құрылысы үшін сатуға қойылған жер телімінің сатылмаған төртеуі келесі аукционға шығарылатын болады. «Ал оның бағасының арзандау-арзандамауын комиссия шешеді», - дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары, жер телімдерін бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы Марат Толыбаев.