Босния Мостар қаласындағы ежелгі дәуірдің мәдени ескерткіші болып табылатын Ескі көпірдің қайта ашылуын тойлады

Бұл тарихи жәдігер 1992-1995 жылдардағы Балқан соғысы кезінде қиратылды. Көпірдің қайта ашылу салтанатына Балқан елдерінің президенттері мен премьер-министрлері, британдық ханзада Чарльз, ЕуроОдақ пен БҰҰ-ының өкілдері қатысуда. ЮНЕСКО-ның қамқорлығына алынған бұл көпір Неретва өзенінің үстінен Осман империясы билеп тұрған 1566 жылы салынған болатын.