Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрінің белгісіз өкілі телефон шалып, Америка ұсынысы жалған деген екен. Пхеньян кезекті рет, Солтүстік Кореяның ядролық құралдарды жоюдағы қадам ретінде қаруды тоқтату үшін, Вашингтон экономикалық шектеулерін тоқатса, Солтүстік Кореяны лаңкесшілерге демеушілік көрсеткен елдер тізімінен сызуы және қуатпен көмек беруді қамтамасыз етуі шарт деді. Солтүстік Кореямен ядролық қару төңірегінде үш рет келіссөз жүргізілген. Біреуі де ірі нәтижеге әкеп соқпады.