Қауіпсіздік шаралары дәрежесіне қарамастан осы аптада Ирақ Ұлттық конфернециясы өз жұмысын бастады. Бұл жаңа ұйым ел бюджетін бекіту мен вето қою хұқына, сондай-ақ министрлерден жауап талап ету хұқына ие болмақшы.
Осы аптада шамамен бір мыңдай ирақтық бас қосып, Ұлттық Кеңеске лайықты үміткерлерді таңдайтын болады. Ал, Ұлттық Кеңес өз кезегінде Ирақтың аралық жаңа өкіметі қолына биліктің толық өтуіне көмектеседі деп жоспарлануда. Дейтұрғанмен, осы конференцияға жиналатын делегаттардың сайланып қойылмауы себепті де Ұлттық Кеңес құрамын анықтаудың қаншалықты заңды боларына күман келтірушілер де бар. Ирақ Өкіметтік кеңесінің бұрынғы мүшесі Аднан Пачачидің көмекшісі Фейсел ал-Истрабанидің пікірінше, өтпелі кезеңде делегаттардың сайланып қойылуынан гөрі, іріктеліп алынуы-дұрыс шешім. İріктеу жолымен анықталатын Ұлттық Кеңес, немесе ел парламенті уақытша түрде өмір сүріп, келесі жылдың сайлауларынан кейін өз жұмысын тоқтататын болады. Лондонда орналасқан Біріккен қызмет атты зерттеу институтының сарапшысы Мұстафа Алани бұл жөнінде былай дейді:
- Ирақта демократиялық жүйе орнату жолында мұның өзі басты өзгеріс деп ойлаймын. Әрине, бұл жетілген, тамаша, ойлағандағыдай әдіс емес.
Ол конференция кезінде Ұлттық кеңеске үміткерлер түрлі саяси, діни партиялар мен тайпалық топтар және өкіметтік емес ұйымдар тарапынан таңдалып алынатын болады. Конференция жұмысы екі-үш күнге созылмақшы. Оның барысында 100-дей үміткер таңдалып алынатын болады. Дей тұрғанмен, бірнеше саяси күштер қазірдің өзінде Ұлттық конференция жұмысына қатысудан бас тартып отыр. Олардың бірі Мұқтада әл-Садырдың басқаруындағы радикалдық Шии қозғалысы. Және Мұсылман басшылары Ассоцияциясы да мұндай шараға қатыспайтындықтарын мәлімдеді. Демек, ол топ өкілдері Кеңес құрамында болмаған жағдайда, Кеңестің заңдылығына күман келмекші.
Сондай-ақ елдегі қауіпсіздік жағдайдың аталған конференцияның басталуына мұрсат беретін, бермейтіні де белгісіз. БҰҰ қазірдің өзінде бұл конференция жұмысын тамыз айының соңына дейін шегере тұру жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Ал, Ұлттық конференцияны ұйымдастыру жұмысының басшысы Фуад Массоум мырза конференция жұмысын кейінге қалдыру елдегі саяси үдеріске кері ықпалын тигізіп, Ирақ халқы алдындағы оның беделін төмендетуі мүмкін-, деп пікір білдіріп отыр. Сарапшы Аланидің пікірінше көтерілісшілер аталған конференцияға кедергі жасауға ұмтылуы мүмкін.