Дүйсенбі күнгі Еуропа одағына мүше елдер Сыртқы істер министрлері басқосуында маңызды мәселелер қаралуда

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ
Дүйсенбі күні Еуропа одағына мүше елдер Сыртқы істер министрлері басқосуында маңызды мәселелер қаралуда. Атап айтқанда әлемдік сауданы ырықтандыру жөнінде, сондай-ақ Суданда адам хұқықтарының аяққа тапталуы және Таяу Шығыстағы жағдай турасындағы сауалдар күн тәртібіне қойылуда.
Әлемдік сауданы ырықтандыру жөніндегі сауалдың үстіміздегі аптада, шілденің 27-30 аралығында Әлемдік Сауда ұйымында талқыланатындығын еске салғанды жөн көріп отырмыз. Осы сауал дүйсенбі күн бас қосып отырған Еуропа одағы Сыртқы істер министрлерінің талқылап отырған басты мәселесінің бірі болуда. Және бұл сауал аса маңызды деп танылып отыр. Еуропа комиссиясы жұмысына 1-ші қарашада кіріспекші. Бұл ұйым өткен аптада аталған сауал бойынша жоспарды қызу қуаттаған болатын.

Егер әлемдік саудаға байланысты келісімшарт тез арада қабылданбаған жағдайда, одан кейінгі сөйлесулер бірнеше жылдарға кешеуілдеп қалуы мүмкін-, дейді бақылаушылар. Әлемдік Сауда ұйымы өкілдері әзірлеген аталған жоспарда ауылшаруашылық өнімдері саудасы және қызмет көрсету салаларына байланысты шарттар ыждахатты түрде талданып, жазылған болатын. Суданның Дарфур аймағында адам хұқықтары көптен бері аяққа тапталуда. Еуропа одағының Сыртқы істер министрлері осы жолғы басқосуында бұл тығырықты мәселеге де арнайы назар бұрып отыр. Яғни арнайы мәлімдеме қабылданбақшы. Өткен аптада БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан қазіргі кезде Дарфурде қалыптасып отырған жағдай ең үлкен толғақты мәселе екендігін атап көрсеткен болатын. Ол өңірде миллиондаған адамдар босып кетіп, тағы екі миллион халық осындай кепті киюі мүмкін-, деген қауіп бар. Ара ағайындық әрекеттерден нәтиже шығар емес. Британия тарапы бес мыңдай бейбітшілік сақтау күштерін жіберуі мүмкін деген болжам бар. Мұндай келеңсіз әрекеттерді тез арада тоқтатуға Еуропа министрлері Судан өкіметін шақырып отыр. Негізінен қара түсті африкалықтардың соңына түсіп жүрген “Жанжауид” деп аталатын топ басшыларын ұстауды Еуропа одағы Судан өкіметінен талап етуде.

Таяу Шығыс сауалына орай жаңа мәлімдеме қабылданбайтынға ұқсайды. Алайда аталған ұйым Израйльдің де Палестинаның да басшылығымен байланыста үлкен дағдарысқа душар болып отыр. Еуропа одағы Сыртқы істер бойынша басшысы Хавиер Солана арнайы сапары барысында аймақтағы қауіпсіздік күштерге бақылауды Ясер Арафат мырза Палестина өкімет басшысы Ахмед Құрейге тапсыруы тиіс деген болатын. Ал, Израиль тарапы болса БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарын қолдап отырғаны үшін Еуропа одағына мүше елдерді сынауда. Ол қарар бойынша Израйльдің салып жатқан қауіпсіздік бөгесіндерін біртіндеп алып тастау талап етілген болатын.