Шілде айының 26-сы күні Болат Әбілов пен депутат Мұхтар Тінекеев арасындағы дауға байланысты Бостандық аудандық сотында кезекті сот отырысы жалғасты.
Сотта сөз алған Болат Әбілов: “31- телеарна" арқылы депутат Тінекеев 50 мың долларды жергілікті билікке, 50 мыңды Астанаға іздеп жүргірді” деп айтқан сөзімді ешқашан жоққа шығармаймын. Бұл Қазақстанда сайлаудың ешқанда әділ болмағандығы көрсетеді. Осы 12 жыл ішінде Қазақстанда ешқандай сайлау әділ өткен емес. Парламенттегі отырған депутаттардың 90 пайызын халық сайлаған жоқ. Біздер сыбайласқан жемқорлыққа, әділетсіздікке, қарсы күресуіміз керек. Күрес басталды, біз оны жалғастыратын боламыз. Екі жылдан кейін Қазақстан халқы басқа қоғамда өмір сүретін болады", - деді.
Осы сөзін аяқтап болмастан Болат Әбіловке судья Рысқали Ибраев: “Сіз заң бұздыңыз сөзіңізді тоқтатыңыз”, деп кінә қойды. Судья Ибраевтың бұл талабына сотқа қатысушы азаматтарда өз наразылығын білдірді. Сондай-ақ Болат Әбілов осы сот процесі басталғалы бері өзінің барынша азаматтық және конституциялық құқықтарының бұзылғандығын, Мұхтар Тінекеевтің 100 мың доллар ақша іздеп, жүгіргендігін, өзіне Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының төрағасы Ермек Сейсенбаевтың мәлімдегендігін, куәгер ретінде сот отырысына шақырылған Сейсенбаев биліктің түрлі қысымдарына ұшырап, сотқа келіп түсінік бере алмады деп айтты. "Маған қатысты қозғалып жатқан қылмыстық істі негізсіз деп санаймын. Себебі, өзімді кінәлімін деп есептемеймін. Бұл соттың шешімі менің саяси көзқарастарым мен ұстанымдарымды өзгерте алмайды. Елді жайлап алған әділетсіздікке, жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыра беремін", - деді Болат Әбілов. Ал депутат Мұхтар Тінекеев болса Болат Әбіловтің парламенттегі отырған дептаттардың 90 пайызын халық сайлаған жоқ дегенін өтірік деді. "Сайлау әрқашанда демократиялы әрі әділ өтеді. Оған Әбділдин сияқты белгілі саясаткерлердің парламентте отырғандығы дәлел" – деді Тінекеев.