“ИРАҚ ИСЛАМ ӘСКЕРІ” АДАМДАРДЫ КЕПІЛДІККЕ АЛДЫ

Ирақ көтерілісшілерінің тобы бүгін мәлімдеме жасады. Олар АҚШ әскерлері үшін жұмыс істеп жатқан 2 пәкістандық азаматты кепілдікке алып, оларды әлім жазасына кестік деген. Себебі Пәкістан Ираққа әскер жіберу туралы шешім шығаруды қарастырып жатыр, -дейді олар. Өзін “Ирақ ислам әскері” деп атайтын топ бұл мәлімдемені “Әль-Жазира” телеарнасы арқылы аудио жазбамен жарияладыды. Кепілдікке түскендерді олар қашан өлтіретіні туралы айтқан жоқ.Кепілдікке түскендердің арасында келісім бойынша, жүргізуші болып жұмыс істейтін Ирақ азаматыда бар.