Құрама Штаттары Демократиялық партиясының ұлттық сьезі екі күнге созылуда. Оның барысында аталған партияның жетекші мүшелері Буш әкімшілігіне бағытталған сыни пікірлерін одан әрі үдете түсті. Сьез барысында Ираққа қарсы ашылған соғыстың жаңсақ қадам болғаны бірнеше рет баса айтылуда.
Демократиялық партия басшылары лаңкестік әрекеттерге қарсы күрестегі Буш әкімшілігінің ұстанып отырған бағытын сынға алысты. Ирақ соғысын ойластырылмаған әрекет ретінде қатаң сынауда. Бушқа қатарлас өз партиялары атынан сайлау бәйгесіне түсіп отырған Джон Керриді Ұлттық қауіпсіздік саласындағы мықты тұлға және қабілетті басшы ретінде сипаттасты. Массачусетс штатынан сенатор боп сайланған, демократ Едвард Кеннеди- Америкадағы ең атақты саяси династияның жетекшісі. Сейсенбі күнгі осы жиында сөйлеген сөзінде Кеннеди мырза: “Буш әкімшілігі ұзақ жылдардан бергі одақтастарымызды елден алыстатып үлгерді. Американы барынша қауіпсіз елге айналдырғанның орнына, керісінше істеді. Олар лаңкестік әрекеттерге қарсы күресте, яғни Әл-Қайда ұйымына қарсы соғыста жеңіске қол жеткізуді қиындата түсті. Бұлардың ешқайсысы да бұрын болмаған іс еді”-, деді ол. 72 жасар Кеннеди мырза жиналғандарды осылайша әрекетке көшуге шақырды.
Кеннеди мырзаның бұл пікірлерін Иллинойс штатынан заңгер, 42 жасар Барак Обама одан әрі жалғастырды. Обама өз сөзінде бірігуге шақырды. Қараша айында болатын сайлаулар барысында ол сенатор боп сайлануы мүмкін деген болжам бар. Ондай жағдайда Обама мырза бұл қызметтегі жалғыз африкалық-америкалық болар еді. Негізгі ойды одан әрі дамыта түскендей болған Обама мырза елді ұзаққа созылып кеткен саяси түнектен Джон Керри алып шығатын болады, деген ойын ортаға салды. Ол сондай-ақ, Ираққа қарсы соғыс ашқан Буш әкімшілігін айыптады.
Осы жиында сөз алған, Керридің әйелі Тереза Хейнс Керри ханым өз күйеуін әрі күрескер, әрі өзгелердің пікірлерімен санаса алатын аса сезімтал басшы ретінде сипаттады. Джон Керридің көп күш-қайратын жұмсай отырып, Құрама Штаттарының моральдық бейнесін, беделін, мүмкіндіктерін қайта қалпына келтіретіндігіне ол сендірді. Сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау ісіне де көп үлес қосатындығын айтты. Хейнз Керри ханым мульти-миллионер және ізгілік, қайырымдылық істер атқарушы тұлға ретінде белгілі. Сондай-ақ, сәрсенбі күні Керридің жарыста бірге келе жатқан досы Солтүстік Каролиналық сенатор Джон Едвардстың кандидатурасы ресми түрде белгіленіп, соған орай ол ұсынысты қабылдаған сөзін айтпақшы.