Ауғаныстанда 24 жыл істеген «Шекарасыз дәрігерлер» аттты халықаралық ұйымы елден кетеді.

Ұйым өкілдері мәлімдегендей, билік өз әрекеттерімен тек елдегі тұрақсыздықты асырып отыр, ал АҚШ бастаған коалиция күштері гуманитарлық көмекті саяси құрал ретінде пайдаланады. 2 шілдеде ұйымның 5 қызметкері Ауғаныстанның солтүстік-батысында өлтірілген. «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы өкілдерінің пікірінше, билік олардың қауіпсіздігін жасай алмағанның сыртында, сенім артатындай тергеу де өткізбеген.