Бостонда жалғасып жатқан АҚШ демократиялық партия съезінің делегаттары президент Джордж Буштың әкімшілігін сынға алды.

Съезде партияның саяси бағдарламасы қабылданды. Негізгі бөлімдер-Құрама Штаттардың қауіпсіздігін жүзеге асыру және әлемдегі сыйлы орнын қайтару. Съезд жұмысы бейсенбі күні сенатор Джон Керри қараша айында өтетін АҚШ президенттік сайлауына қатысатын демократиялық партияның ресми үміткері болып тіркелген кезде аяқталады.