Ізімғали Көбеновке «Самал» дәмханасында бұзақылық жасады деп қылмыстық іс қозғалып, сот шешімі шыққан. Алайда, «Ақжол» партиясының Ақтөбелік бөлімшесінің жетекшісі қалалық соттың шешімімен келіспей, облыстық сотқа аппеляциялық шағым жасағанын айтады.
«Ақжол» партиясының Ақтөбе қаласындағы бөлімшесінің жетекшісі Ізімғали Көбенов сөз басында болып отырған жағдайды күзде болатын парламент мәжілісі сайлауына жібермеудің амалы деп есептейді:
-Бәрі өтірік. Ешқандай дәлел жоқ. Медициналық сараптама, хаттама жоқ. Тек жазылған шешім. Облыстық сот алқасына аппеляцияға бердім. Бәрі бос сөз. Сайлауға түсем.
Ізімғали Көбенов «Самал» дәмханасында болған жағдайды былайша түсіндірді:
- Жолдастарыммен дәмханаға бардым. Томат шырынын, бір сыра алдық.Арақ ішкен жоқпыз. Содан мен дәрігер ретінде үстелдерің лас, берген тамақтарың сапасыз деп ескерту жасағанмын. Үш күннен кейін маған іс ашып қойыпты. Екі даяшыны сабады деп. Медициналық сараптамаға апардым. Сынған ештеңе жоқ. Бәрі өтірік. Егер ескерту жасасам, мен дәрігермін.
Ақтөбе қаласындағы «Самал» дәмханасының меңгерушісін сұрап бірнеше рет телефон шалғанымызбен телефон қоңырауын қабылдаған қыз кейін хабарласуымызды өтінді. Кезекті рет телефон шалғанымызда телефон қоңырауын қабылдаған қыз «Самал» дәмханасының әкімшісін шақырды. Алайда, аты-жөнін айтпаған дәмхана әкімшісі «білмеймін осында келіңіз» деді. «Азаттық» радиосының Астана қаласындағы бюросынан хабарласып тұрғанымызды дәмхана әкімшісінің де қаперіне салғанымызда ол «жайырақ хабарласыңызшы. Мында білмеймін. Итак уже ...» деп телефон құлағын тастай салды.
Ал, Ізімғали Көбеновтың ісін қараған Ақтөбе қалалық сотының сот төрешісі Айгүл Кулбосыноваға хабарласқанымызда, ол: «2004 жылдың шілде айының 15-інде Қылмыстық кодекстің 257 бабының бірінші бөлімімен ол кісі айыпты деп танылып, үш айлық жалақы көлемінде айыппұл салынды. Қазір ол шағым арыз жазып, іс облыстық сотқа кетті» деді.
Ақтөбелік саясаткер Жасарал Қуанышәлі аталған жағдайды Ізімғали Көбеновты қылмысты етіп шығаруға жасалған қадам, мұнда келіп тұрған сайлауға түсірмеу мақсаты жатыр, дейді.