Жанпидашы лаңкесшілер жасаған үш жарылыстың нәтижесінде, Өзбекстанның қауіпсіздік күштерінің 3 қызметкері қаза болды. Ол екеуі Ізраил елшілігін ,біреуі АҚШ елшілігін күзеткен. Кем дегенде 8 адам жаралы. Бұған дейінгі жарылыстарды өз мойнына алған Өзбекстанның Ісламдық қозғалысы бұл жолы да жарылыстарды біз ұйымдастырдық деп отыр. Бұл күндері Ташкентте, өткен жылғы күзде болған бірнеше лаңкестік әрекеттер ісіне байланысты сот үрдісі жүріп жатыр. Ол кезде шамамен 50 адам құрбан болған. Сотта күдікті деген 15 адам бар.