Экстремистік топ түрік азаматын өліммен жазалады

Әсірешіл топтың исламистік сайтында бүгін суреттер жарық көрді. Онда ирақтық көтерісшілер қолынан қаза тапқан түркиялық аманатшының қазасы бейнеленген. Ислам веб сайты “Әль-Қайда” одақтасы Әбу Мусаб әл Зарқаи тобының қолына түскен бұл түрік азаматы өліммен жазаланды деп айтты. Бұл суретте ол азамат қаруланған және беттірін бүркеп алған жауынгерлер алдында тізе бүгіп тұрғаны көрсетілген. Аманатқа түскен азаматтың көзі байланған. Бір сүретте бетін бүркеп алған кісі тұтқынның басына қару тіреп тұр. Ал екінші сүретте тұтқын екбетімен жатыр және оның басынан қан ағып жатыр. Бұл ақпаратты Түркияның Бағдадтағы елшілігі растап отыр.