Құcмұрын түрмесiнде жазасын өтеп жатқан Ғалымжан Жақиянов Қазақстан заңы бойынша еркiн қонысқа көшiрiлуi мүмкiн. Өйткенi, ол белгiленген жазаның үштен бiрiн өтедi. Осыған байланысты Жақияновтың зайыбы Қарлығаш, парламент депутаттары Төлен Тоқтасынов пен Серiкболсын Әбдiлдин, сенатор Зәуреш Батталова Құcмұрынға барып құқықтық үрдiсiнiң сақталуын бақылауға қатыспақшы.
Осы мәселемен тiкелей айналысып жатқан Құсмұрын түрмесiнiң бастығы Сергей Жадьконың айтуынша, барлық құқықтық үрдiстер заң негiзiнде сақталады. Ал, ол толық түсiнiктеме беруден беруден бас тартты. Сенатор Зәуреш Батталованың айтуынша, Ғалымжан Жақияновтың жазасы жеңiлдетiлмеуi мүмкiн. “Өйткенi, оның екi себебi бар.1-шiден шiлденiң 28-iнде оның үстiнен 4-шi қылмыстық iс қозғалды. Екiншiден, жақында Қостанай облыстық қылмыстық атқару жүйесiнiң бастығы Александр Булавин Ғалымжан Жақияновпен кездесiп қылмыстық iс қорытындысы шыққанға дейiн оның өтiнiшiн орындау кейiнге зегерiлетiндiгiн айтқан”-, дейдi сенатор.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров Ғалымжан Жақияновтың үстiнен қылмыстық iс қозғалғанын растап отыр.:
-Ол Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қылмыстық iс қозғағанымен негiзгi мәселенi түрме әкiмшiлiгi мен сот шешетiндiгiн айтады.
“Ғалымжан Жақияновтың iсiн түрме әкiмшiлiгi де, сот та шешпейдi. Ол мәселе бiр адамның айтуымен ғана шешiледi. Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қабағына байланысты. Шығарыңдар десе,шығарады. Шығармаңдар десе шығармайды”, -дейдi мәжiлiс депутаты Серiкболсын Әбдiлдин. Саясаткерлердiң көңiлiндегi күдiктi тарқатар жақсы жаңалықты Қостанай облыстық қылмыстық атқару жүйесiнiң бастығы Александр Булавин жеткiздi. Оның айтуынша, Ғалымжан Жақияновтың өз өтiнiшiне байланысты еркiн қонысқа шығару жайы қаралуда. Қазiр Жақиянов медициналық тексеруден өтiп, құжаттары толтырылып жатқан көрiнедi. Александр Булавинның айтқан жаңалығын әдiлет министрлiгi қылмыстық атқару жүйесiнiң бұқарамен байланыс басқармасы бастығының орынбасары Серiк Бәкiров те растап отыр. Сонымен, Ғалымжан Жақияновтың тағдыры шешiлетiн күн жақын сыңайлы. Депутат Серiкболсын Әбдiлдиннiң айтуынша, ол түрмеде болса да Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясының жетекшiсi болып қала бередi.