ДАККА: Соңғы алапат су тасқыны саларынан алдағы 5 айда Бангладеште шамамен 20 млн-ға жуық халық азық-түліктен үлкен мұқтаждық көреді. Шілде айында шелектеп құйған нөсер жаңбырдан туған су тасқыны елдің көп ауданындағы күріш егістігін шайып кетті. Бангладешке көмек беру үшін БҰҰ-ы дереу қор жинауға кірісті. Осы елдегі соңғы табиғат алапатынан кем дегенде 650 адам құрбан болды.