Ғалымжан Жақиянов отырған Құсмұрын түрмесіне барып келген Мәжіліс депутаттары Серікболсын Әбділдин, Төлен Тоқтасынов және Демократиялық таңдау халықтық партиясы саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметов Жақияновты жалпы қоныстану мекемесіне ауыстырмай отыр деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, билік Қазақстанның демократиялық таңдау қозғалысының жетекшісі Ғалымжан Жақияновты сайлау алдында әдейі босатпауға бел байлап отыр.
Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметов өзінің лидері Ғалымжан Жақияновпен екі жылдан соң Павлодардағы соттан кейін бірінші рет кездесіп отырғандығын айтады. «Маған оның осы уақытқа дейін ешқандай жасымаған күш-жігері қатты ұнады»,–дейді Асылбек Қожахметов. Құсмұрынға барып келген оппозиция өкілдері серкелерінің айтуынша, тамыздың екісі күні Ғалымжан Жақияновты жалпы қоныстандыру мекемесіне көшіру керек болған. Өйткені Жақиянов жазалау мерзімінің үштен бірін өтеді.
Оның түрмеде тәртіп бұзбайтыны белгілі дейді. Алайда Жақиянов отырған түрменің бастығы Сергей Жадько оның жалпы қонысқа ауыстырылуын әкімшілік кеңес шешеді. Ал біз әлі ондай кеңес өткізгеміз жоқ, – деп жауап берген. Демократиялық таңдау партиясы лидерлерінің бірі Асылбек Қожахметов Сергей Жадькодан Әкімшілік кеңесті қашан өткізесіздер дегенімде бір айдың көлемінде, тамыз айының соңында өткізуіміз мүмкін деп жауап берд,– дейді .
Асылбек Қожахметовтың ойынша, Жақияновты жалпы қонысқа ауыстырмау керек деген бұйрық биліктен келіп отыр. Олар әдейі сайлау алдында Жақияновты бостандыққа шығармаудың аамалын істеп жатыр дейді Асылбек Қожахметов.
Сонымен қатар Асылбек Қожахметов кезінде журналист Сергей Дувановты екі күннің ішінде жалпы коныстандыруға шығарған еді,– дейді.
Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин өз кезегінде соңғы кезде Коммунистік партиясы мен Демократиялық таңдау халықтық партиясының атына қара пиарды үдетіп отырғандығын айтады.
«Коммунистер мен демократиялық таңдау партиясы біріккенде олардың өздерінің мақсаттары бар деген пікірлер айтты. Оны кезінде Президент те үлкен мәнберде тұрып айтқан және сол сөздерін «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында да қайталапты. Одан кейін коммунистер мен буржуазиялар қосылып жатыр деп айтады. Ал біздің саяси тізімдегі он үш адамның ішінен буржуидтерді таба алмайсыз», – дейді Серікболсын Әбділдин.
Оппозициялық партиялардың серкелері сонымен қатар егер сайлау алдында электронды дауыс беруді алып тастамаса, сайлауға қатысудан бас тартатындықтарын айтты.