Тамыздың 4-і күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім гранттары мен несиелерін тағайындайтын конкурстық комиссиясы өз жұмысын бастады. Биылғы білім гранттары министрліктің жүргізген рейтингінің нәтижесінде жоғарғы көрсеткішке ие болған әрі сапалы білім беретін Қазақстандағы жоғары оқу орындарына ғана бөлінгелі отыр.
Мемлекеттік білім гранттары мен несиелерін тағайындайтын конкурсқа 105 мыңға жуық талапкер қатысуда, оның ішінде 70 мыңнан астамы қазақ тілінде, 35 мыңға жуығы орыс тілінде тест тапсырғандар. «Жалпы мектепті «Алтын белгімен» бітіргендер саны 500-ге жуықтайды, мемлекеттік білім гранты ең алдымен осы балаларға және республикалық, халықаралық олимпиадалардың, республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына бөлінетін болады. Қалған грант пен несиелер баллдық көрсеткіштеріне байланысты тағайындалады», - дейді Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының директоры Такир Балықбаев.
Сондай-ақ, биылғы жылы мемлекеттік білім гранттары жоғары деңгейде мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарына ғана бөлінетін болды. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ректоры Досым Сүлеев «Біздің университетімізге грант арнайы бөлінген жоқ. Бірақ, алдағы жылдары талап деңгейінен көрініп, техникалық мамандықтар даярлайтын алдыңғы қатарлы оқу орындарының қатарына қосыламыз деген ойдамын», - дейді.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаментінің директоры Болатбек Серікбайұлы «Қабылдау моделін өзгертіп, биылдап бастап талапкерлер 4 мамандық бойынша конкурсқа қатысатын мүмкіндік жасап отырмыз», - дейді.
Биылғы жылы сондай-ақ 2 пайыздық қабылдау квотасы Қазақстанның азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері үшін көзделіп отыр. Қытайда тұратын қазақ азаматы Қозыхан Сабырұлы «Шетелдерде тұратын қазақтардың балаларының көбі ата жұртына келіп білім алғанды қалайды. Сол себепті Білім және ғылым министрлігі қабылдау квотасын көбейтіп, жағдай жасаса, 2 пайыздық квота менің есептеуім бойынша өте аз екен», - деген ойын білдірді.
Ал Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының директоры Такир Балықбаев «Егер ол балалар жалпы конкурстан грант алмай жатса, сонда ғана осы квотаны алатын болады. Сол себептен мемлекеттік білім грантына ие болатын шетелдерде тұратын қазақ балаларының саны әлдеқайда көп болуы мүмкін», - дейді.
Тамыздың 4-і мен 8-і аралығында комиссия ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуге қатысқан балалардың алған баллдарының нәтижесі бойынша шешім қабылдайтын болады. Жалпы биылғы жылы білім гранттары мен несиелерінің 11 785-і күндізгі оқу түріне, 1 000 грант сырттай оқуға және 10 155 несие бөлінген.