Оңтүстік Оссетиялық әкімшілік гүржі күштері ресейлік ресми топқа оқ атты деп , екі ел арасындағы жанжалды одан әрі ұшықтыра түсті.

Оссетиялық өкілдің айтуынша, гүржі күштері Ресей парламенттік комитетінің ТМД елдері бойынша жетекшісі Андрей Кокошиннің көлігіне оқ жаудырған. Ал бұл арада, Гүржістан мемлекеттік қауіпсіздік министрі орынбасары Угулаваның айтуынша, оқ атуды алғаш Оссетин жағы бастаған.