Бұл шешімге 309 депутат дауыс берген, 118-і қарсы болды. Ресей заңы бойынша, алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, жеңілдік алушылар 450 рублге тең әлеуметтік пакетті пайдалануға және ай сайын берілетін үстемақы алуына құқылы. Бұл заң жобасы елде бұқаралық наразылыққа әкеп соқты. Оның думада қаралуы кезінде шерулер болған. Әрмен қарай заң жобасы федерация кеңесіне одан соң бұл құжат Ресей президенті Владимир Путиннің алдына барады.