Ресейдің мемлекеттік думасы парламенттің төменгі палатасы Ресей президентіне және Ресей үкіметіне Грузиядағы Ресей азаматтарының қауіпсіздігіне кепілдік беруге шақырды

Бұл мәлімдеме Ресейдің Саакашвилідің Грузияның территориалды аймағын бұзған кемелерге оқ жаудырылады деген мәлімдемесінен кейін айтылды. Саакашвили бұл ескерту негізінен көршілес Сочиден Абхазияға бара жатқан орыс туристеріне қатысты деген болатын. Грузия президенті Михаил Саакашвили Америка басшылығымен келіссөздер өткізу үшін Вашингтонға келді. Бүгін Саакашвили мемлекеттік хатшы Коллин Пауэллмен және АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Кондолиза Райспен кездесіп, Оңтүстік Осетиямен Абхазиядағы жағдайды талқылайды.