Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аймағы басшылары осы жерде сайлаулар өткізуде.

Еуропа кеңесі басшысы Валтер Швиммер өткен аптада, бір жақты жағдайда бұлайша саяси әрекеттер жасаудың кері әсерлері болатындығын ескерткен еді. 1994-ші жылдан бері атыс тоқтатылғанымен бұл аймақ мәртебесі әлі түсініксіз күйінде қалып отыр. Ресми түрде ол Әзірбайжан жері боп есептеледі.