Онда 22 жасар Бенямин Вандерфорд деген азамат өз басын Ирақ жауынгерлерінің “алып” жатқаны жөніндегі өтірік бейнені түсірген екен. Бұл таспа сенбі күні әл-Арабия теле арнасы арқылы көрсетілген еді. Содан кейін ғана таспаның жалған екендігі белгілі болған-ды. Сан Франциско қаласында тұратын бұл азамат осындай қадамы арқылы бұқаралық ақпарат бұлақтарына жалған мәліметтерді қалайша оп-оңай беруге болатындығын көрсеткісі келген екен. Осы таспаға байланысты қандайда бір қылмыстың жасалған, жасалмағаны әлі белгісіз-, дейді Федералдық Зерттеу бюросы.