Стамбулда тағы бомбалар жарылды

Стамбул полициясы сипаттағандай, Түркияда бүгін тағыда террорлық шабуылдар жасалды. Стамбул қаласында екі шағын мейманханада және газ қоймасында бомбалар жарылды. Мұның салдарынан екі адам қаза тапты, он бір адам жараланды. Стамбулдың Ләлели ауданындағы мейманхананың қызметкерлері бомба қойылды деп жарылыстың алдында 10 минут бұрын есімін атамаған біреуден ескерту алдық дейді. Екінші бомба дәл осы уақытта Сұлтанахмет ауданындағы мейманханада жарылды. Стамбулдың бұл екі ауданында шетел саяхатшылар көп тоқтайды.