Тамыздың 9-ы 15-ші халықаралық « Азия дауысы » ән фестивалі аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша 2 әнші 3-ші орынды, 1 әнші лауреат атағын иеленген болатын. Гран-приге 10 мың АҚШ долларымен ақшалай сыйлық және алтын мүсін берілді. Халықаралық фестиваль шеңберіндегі өткізілген «Қазақ әні » байқауы бойынша 7 әншінің әні ең мықты деп танылды.
Тамыздың 6-сі мен 9-ы аралығында өткен 15- ші халықаралық «Азия дауысы » фестивалінің қорытындысы белгілі болды. Ол туралы тамыздың 9-ы күні салтанатты жабылу кешінде әділ қазылар алқасы жария етті. Ең алдымен «Азия дауысының » шеңберінде өткен « Қазақстанның қазіргі әнінің » байқауына қатысқан 14 әннің ішінен, ең үздік 7-еуін көрермен дауыс беру арқылы өзі таңдаған болатын. Осы 7-еудің ішінде Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева сынды танымал әншілермен қоса, есімі әлі таныс емес Айгүл Иманбаева, Фархат Ескенеев сияқты жас әншілер бар. Байқау жүлдегерлері белгіленгеннен кейін микрафон Маржан Арапбаеваға ұсынынған болатын.
Ал халықаралық «Азия дауысы » фестивалінің жеңімпаздары төмендегідей бөлінген болатын 3-ші орын әншіге бөлініп берді. Олар; Малайзиялық Вахида есімді әнші қыз бен Қазақстандық Әлден Жақсыбеков.
Ал Филиппиннен келген Шерин Мэй Регис екінші орынды иеленді. Бірінші орын иегері Индонезиялық Эка Дэли деп танылды. Ал бас жүлдені , алтын мүсінді және ақшалай сыйлықты Нико есімді Румыниядан келген әнші жеңіп алды.Салтанатты рәсімнен кейін Нико бізге өзін өте бақытты сезінетіндігін айтты. Оның айтуынша,ол бас жүлдені өзінен басқа екі-үш әнші алатын шығар деп ойлаған екен.
Нико Руминияда өзін күтіп жүрген кішкентай қызын көруге асық екенін айтуда. Әділ қазылар алқасының мүшесі, Польшадан келген композитор Александр Полац , өзін бұл байқауға ұйымдастырушылардың шақырғанын айтып, және бүгінде Қазақстанға келгендігіне өкінбейтінін айтқан болатын.
Халықаралық «Азия дауысының » соңында барлық конкурсанттардың қосыла шырқаған әнімен аяқталды.