10 жылдан астам уақыттан бері баспанасыз жүрген Астанадағы оралмандар жеке үй салуға жер бөлгізу үшін тамыздың 4-і күні шеру ұйымдастырып, наразылық білдірген болатын. Жер комитетінің төрағасы шеруге шыққан оралмандармен кездесіп, қолдан келген мүмкіндіктерді қарастыартынын айтқан еді. Жалпы үй салу үшін жер учаскесін бөлуге 324 оралман өтініш білдірген. Енді сол оралмандардың өтініші ескеріліп, Астана маңындағы Қоянды ауылынан әзірге 200-ге жуық отбасына жер бөлінетін болды.
10 жылдан бері үйсіз-күйсіз жүрген оралмандар жер бөлу жайлы мәселені 2000-шы жылдан бері көтере бастаған. Астанадағы оралмандардың «Жаңа қадам» қауымдастығының төрағасы Оразхан Нұхтың айтуынша, «2003 жылы Астана қалалық әкімшілігімен қала шетінен оралмандар ауылын салу туралы келісімге отырған болатынбыз. Енді жерді бөлеміз деп отырған тұста бұрынғы әкім Темірхан Досмұхамбетов басқа жұмысқа ауысып, орнына келген әкім жерді аукционға салды. Ешқандай жер оралмандарға тегін берілмейді, Қазақстанның азаматы ретінде сатып алыңыздар», - деген.
Ал Мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижан «Оралмандардың құқы заңмен қорғалған, алайда жергілікті басшылардың тарапынан қысым жасалуы да мүмкін, десек те жер еш қиындықсыз тегін берілуі керек», - дейді.
Өтініш берген оралмандардың 180 отбасына Астана маңындағы Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылынан жер учаскесі берілетін болды. Көші-қон және демография жөніндегі агенттік төрайымы, «Руханият» партиясының жетекшісі Алтыншаш Жағанова «Осымен Астанадағы оралмандардың мәселесін түгелдей шешіп тастадық деп айта алмаймыз, алайда біраз мәселе шешіледі. Керісінше, квотамен келгендерге қиын болайын деп тұр, сондықтан да оларға да жер беру қажет деп жатырмыз. Ата-бабаларымыз бір сүйем жер үшін қан кешкен. Жер алу оңай шаруа емес», - дейді.
Бөлінген аумақты «Руханият» оралмандар ауылы» деп атапты. «Оралмандардың біразы Руханият партиясының мүшелері, партия тарапынан қолдау, көмек көрсетіліп жатқандықтан осылай деп атаймыз деп шешкен өздері», - дейді Алтыншаш Жағанова.
Ал 1991-ші жылы Қазақстанға келген Майра Құмарқанқызы «Біздің осы көші-қон және демография агенттігінен басқа баратын жеріміз де жоқ қой, бізде таңдау көп емес,12 жылдан бері баспанасыз жүрміз, әлі де болса үй беретін шығар деген үміттеміз, үкімет қарайласар», - дейді.
Ал Монголиядан келген Тұрат Шәку биыл алынған жерге өз қаржысына үй тұрғызбақ ниетте екендігін, алайда үкіметке ешқандай үміт артпайтындығын және сенбейтіндігін айтады. «Билік басында отырғандардың барлығы өтірік айтады, айтқандарын орындамайды. Оралмандарға бөлінген ақша бар, алайда қайда кетіп жатқанын ешкім білмейді, оңды-солды шашып жатыр», - дейді.
Жер учаскесіне қолдары жеткен оралмандар үйлерін өз қаржыларына салып, биыл қыстап шықпақ ниетте. Ал қалған отбасыларының өтініші алдағы уақытта қанағаттандырылатын болады, - дейді Көші-қон және демография жөніндегі агенттік төрайымы Алтыншаш Жағанова.