94 пайыз сайлаушылардың даусымен есептегенде, олардың 58 пайызы Чавездің өз қызметінде қала беруін қолдап дауыс берген. Ал, 42 пайызы болса оған қарсы болған екен. Ресми қорытындылар жарияланғаннан кейін Чавез өз жақтастарымен бірге елдің гимін орындады. Ол сондай-ақ, мұнайға бай бұл елдің әлемдік базарда өз орынын алатындығына сендірді.